"Жалпы ауаға шығарылатын зиянды заттардың жалпы көлемінің ең үлкен үлесі КPО компаниясының өндірісіне тиесілі ", - деді Батыс Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасының бастығы Роберт Сүйербаев.
"Компания ауаға адам денсаулығына зиянды заттар көлемін шығаруды қысқарту мәселесіне тиісті көңіл бөлмей отыр. Олар жүйелі түрде ауаға өз еркімен жобалық нормативтік құжаттарында қарастырылмаған өндірістік қалдықтарды тастап отырады", -деді Р. Сүйербаев.