БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Теректі ауданы Подстепный ауылы маңында болды.
Сағат 17.00-де жасөспірім Ядовитая көлінің рұқсат етілмеген жерінде шомылып, суға кеткен.
Оқиға орнында жедел құтқару жасағының 5 қызметкері жұмыс істеп, 20 минуттан кейін марқұмның денесін судан алып шықты.
Айта кетейік, жыл басынан өңірде 22 адам суға кетсе, соның бесеуі - балалар. Жеткіншектер суға түсуге көбіне ересектердің қарауынсыз барады. Ал оның арты орны толмас қайғыға айналуы мүмкін.
Бұдан бұрын БҚО-да екі адамның суға кеткенін жазған болатынбыз.