БҚО-да 16 жастағы қыз үш бауырын өрттен құтқарып қалды, анасы көз жұмды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Sputnik.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдай 27 қазан сағат 02.12-де Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында болды. Жалпы ауданы 25 шаршы метрді құрайтын екі пәтерлі үй өртенген.

"1983 жылғы үй қожайыны газға улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді. Алайда, әйел есін жимастан, ауруханада көз жұмды", - деп мәлімдеді төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Белгілі болғандай, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін әйелдің 16 жастағы қызы екі сіңлісі мен бір інісін терезеден шығарып алған.