БҚО-да 25 бас мал жанып кетті

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, «тілсіз жаудың» кесірінен малдың қыстық азығын айтпағанда, бір тұрғыннан 5 ірі қара, тағы бірінен 20 бас қой жанып кетті. Сөйтіп қос бірдей тұрғын малсыз әрі пішенсіз қалды. Отпен алысу кезінде 1977 жылғы Бекболат Жапаров термиялық күйік алып, қазір аудан орталығында ем алуда.

Өрттің ұйғарылып отырған себебі - қасақана өртеу. Тиісті тексеріс амалдары жүргізілуде.