БҚО-да 31 елді мекен электр жарығынсыз қалды


Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Апаттың салдарынан 31 елді мекен электр жарығынсыз қалды: Қазталов ауданында - 14 елді мекен (5800 абонент) мен Жалпақтал орталық аудандық ауруханасы, Зеленов ауданында - 2 елді мекен (100 абонент), Жанғали ауданында - 6 елді мекен (1880 абонент), Бөкейорда ауданында - 3 елді мекен (900 абонент), Ақжайық ауданында 2 елді мекен (300 абонент), Тасқала ауданында - 2 елді мекен (140 абонент) мен орталық аудандық аурухана, Жәнібек ауданында - 3 елді мекен (2285 абонент), Сырым ауданында - 2 елді мекен (235 абонент). Барлығы абоненттер саны - 11640. Апатты жоюға «ЗапКазРЭК» АҚ апаттық-қалпына келтіру бригадасы, «Жайықтеплоэнерго» АҚ, ҚР ТЖМ БҚО ТЖД және жергілікті халықтан 247 адам жұмылдырылды.