БҚО-да әйелдерді сықпырта боқтап тұрған шенеуніктің видеосы интернетке шықты

Ұялы телефонға түсірілген мына кадрлерде костюм киген ер адам әйелдерге бейпіл сөздерді жаудырып жатыр. Әрі ащы суға да сылқия тойып алып, теңселіп зорға тұр. Киімдеріне қарағанда, бұл жанжал жаңажылдық кеште түсірілген болуы керек. Кейбіреулер нәзік жандарға ауызына келгенін айтқан азамат Тасқала ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Бауыржан Имашев болуы мүмкін дейді. Бірақ әкімдіктегілер мұны әзірге растамай отыр. Қазір тек тексеру жүріп жатыр.

Loading...