БҚО-да ауыл кезген төбеттер 70 бас малды жарып кеткен

Оқиға Орал қаласы маңындағы «Восход» саяжайына жақын маңда болды. Шуға елеңдеп далаға шыққан қожайын үлкен екі ит пен 3 күшіктің мал қорада ойран салып жатқанын көрген. Айқай салып, қуам дегенше аш иттер 70 бас ұсақ жандықты жайратып кетіпті. Аймақта қаңғыбас иттердің төрт түлікке шабуы бірінші рет емес. Әсіресе саяжай иелері күзде қалаға кеткенде қараусыз қалған иттерінің осылай қораға шабатын жайттары жиілейді. Жергілікті мал дәрігерлері қойға шапқан иттерде құтыру белгілері бар болуы мүмкін дейді. Тиісті орын қызметкерлері қазір оларды ізестіріп жатыр.


Талғат Манауытов, Подстепной ауылдық аймағы әкімінің орынбасары
:

– Иесіз иттер саяжай  жақтан келеді. Келетін жағының шамасын білеміз, бірақ нақты қай саяжайдан келетінін біле алмай жүрміз. Былайша айтқанда қазіргі иттер адам сияқты. Екі үлкен иттің күшіктері алдымен барлауға шығып қарайды дейді.