БҚО-да боранда адасып кеткен тұрғын өлі табылды


Күні бүгінге дейін оны іздестіру шарасы жүргізілсе де, ешқандай нәтиже бермей келген еді. Жақында, яғни 3 ақпан күні осы қыстақтың жігіттері жылқы іздеуге шыққанда, қастарындағы иттері қардың астында көміліп қалған адам мүрдесін иіскелеп тауып алған.
Сарой ауылдық округінің әкімі Сағидоқас Бақтығалиевтің айтуынша, марқұм Жолдығали Мұхамедияров боранды күні жолдан адасып, Бұлдырты ауылы бағытына қарай шығып кеткен. Ақыр соңы шаршап, әлі құрыған соң, суыққа үсіп жан тапсырыпты.
Бір айта кетерлігі, марқұм Жолдығалидың зайыбы да өткен жылы қыста өзеннен өтер кезде мұз ойылып кетіп қаза болған еді. Отбасының соңында шиеттей жас бүлдіршін балалары ғана қалғаны өкінішті болып тұр.