БҚО-да бұршақ жауып тұрғын үй мен көліктерді қиратты


Бұршақ Березовка ауылына кешқұрым жауған. Әйтеуір адамдар зардап шекпеген екен. Алайда жұрттың талай мүлкі қирап әуреге түсті. Жер үйлердің терезелері, кейбірінің тіпті, төбелері де морт сыныпты. Ал ауладағы жеңіл көліктерден түк қалмаған. Төбелері майысып, терезелері шұрық-тесік жағдайда. Жергілікті төтенше жағдайлар басқармасы қазірде келген шығын көлемін анықтауда. Бір белгілісі, бау-бақша баптаған ауылдықтар биыл өнімсіз қалатын түрі бар. Диаметрі 5 сантиметрдей бұршақ көкөніс пен жеміс атаулыны жайпап тастаған.