БҚО-да ертеңнен бастап күн қатты ысиды

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, өрт қаупі жоғары күйінде сақталады. Орал қаласында осы күндері 39 градус ыстық болмақ. Сонымен қатар 17-19 тамызда облыста оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 17-22 метрге дейін жетуі ықтимал.

Осыған байланысты ТЖ департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде ескерту жариялады. Өңірде тиісті дайындық жұмыстары жүргізілуде.