БҚО-да есірткіні сүт қорабына жасырған шетелдік ұсталды

Есірткі сүт қорабына салынбас бұрын, екі мүшеқаппен, сыртынан полиэтиленмен жақсылап оралыпты. Шекарашылар оның әрқайсысының ішінен 300 граммнан марихуана тәркіледі. Ал, стол үстінде жатқан 11 көк шардың ішінен түсі мен иісі жоқ сұйықтық шыққан. Болжам бойынша ол гераин болуы мүмкін. Десе де, оның химиялық құрамын сараптама анықтамақ. Ал, есірткі тасымалдаушы пойыздан түсіріліп, полицейлерге тапсырылды.

Loading...