БҚО-да көшеге қазақ батырының есімін беруге жергілікті тұрғындар қарсы шықты

Ақсай қаласында Юбелейная мен Элеваторная көшелерінің атауын өзгертеуге қатысты кезекті жиын өтті. Бұған дейін 2014 жылы 50 шақты көше атауын өзгерту мәселесі күн тәртібіне қойылған болатын. Бірақ, ол кезде тұрғындар қарсылық танытқандықтан кейінге қадырылған еді. Бұған қоса елімізде көшелер мен алаңдардың атауын өзгертуге қатысты мораторий 2016 жылға дейін ұзартылған еді. Бұл туралы Мой город порталы хабарлады.

Бұл жолы жиынға 30 шақты адам қатысқан. Бөрлі ауданы әкімі аппаратының жетекшісі Дархан Ағеділов мораторидің алынып тасталуына орай мән-мағынасы жоқ көше атауларын өзгерту керектігін мәлімдеді.

Бірақ, бұған тұрғындар бірден наразылық танытты. Бірқатары біз неге өз атамызға көше сұрамаймыз десе, тағы бірі бір адамның өтінішіне бола көшенің атауын өзгертуге бола ма екен деп қарсы шықты.

Белгілі болғандай көше атауын өзгерту туралы өтініш Жолбарыс батырдың ұрпағы Жолдығали Батырханов деген азаматтан келіп түскен екен.


Көп дауласқан тұрғындар ақыры Юбелейная көшесін сол қалпында қалдырды. Ал Жолбарыс батырға ескерткіш қойылтын болып келісілді. Ал Элеваторная көшесінен бір адам ғана келгендіктен оны өзгерту туралы мәселе қозғалған да жоқ.