БҚО-да мемлекеттік бюджетке 104,9 млрд. теңге жиналды

Облыс әкімдігінен хабарлағанындай, бұл - болжамның 116,6 пайызы және өткен жылғыдан 15,5 пайызға артық.

Республикалық бюджетке 89,4 млрд. теңге (болжамның 123,3 пайызы) жіберілсе, жергілікті қазынаға 15,5 млрд. теңге (88,9 пайыз) аударылды.

Мермізінде түспеген салық 2011 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда, 593,2 млн. теңгеге көбейіп, 10311,4 млн. теңгеге жетсе, осының 9854,4 млн. теңгесі (5,5 пайызға көп) - республикалық, 457,0 млн. теңгесі (20,5 пайызға артық) жергілікті бюджетке түсуі керек еді.