Қара алтынға қол сұққан төртеудің аты-жөндері түгел анықталған. Айта кетсек, қылмыстық топ жетекшісі осыған дейін шикізат ұрлап сотты болған екен. Түрмеден шыға салысымен ескі әніне қайта басса керек. Соттан сабақ алмаған сұғанақ енді сыбайластарымен ұзақ мерзімге темір торға тоғытылуы мүмкін.