БҚО-да өнеркәсіп саласындағылардың орташа жалақысы - 194,6 мың теңге

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, ең жоғары еңбекақы өнеркәсіпте - 194,6 мың теңге (облыстық көрсеткіштен 2 есеге артық), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында - 140,9 мың теңге (1,5 есе), құрылыста - 138,4 мың теңге (1,4 есе), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 117,4 мың теңге (1,2 есе), көлік және қоймалауда - 116,8 мың теңге (1,2 есе), қаржы және сақтандыруда 115,5 мың теңгеге (1,2 есе) жетті.

Ең төменгі жалақы бұрынғысынша ауыл, орман және балық шаруашылығында сақталып отыр, мұнда облыстық көрсеткіштің 45 пайызына тең.

Аумақтық жағынан алғанда, Бөрлі ауданында жалақы 226 мың теңгеге жетті, бұл облыстағыдан 2,4 есеге көп.