БҚО-да пара алды деген күдікпен аудандық сот төрағасы ұсталды

Құқық қорғау органдарынан түскен мәліметке қарағанда, ол 18 ақпан күні сағат 14.45-те «Ғиният Құрылыс» ЖШС басшысынан 200 мың теңге көлемінде пара алу үстінде қаржы полициясы қызметкерлерінің қолына түскен.


Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталуда. БҚО судьялары арасында бұл пара алу оқиғасы бірінші рет болып отыр.