БҚО-да полицейлер мигранттарды қуып жүріп әзер ұстады

- Қияр, помидор теріп жүрміз.

-  Қалай төлейді?

- 250 доллар, жақсы төлейді.

Қолға түскендердің көбі Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан азаматтары. Арасында тіпті Үндістаннан келгендері де бар. Барлығы полиция бөлімшесіне жеткізіліп, тіркеуге алынды. Істерін сот қараған соң, айыппұлдарын төлеп, отандарына аттанады. Ал заңды өрескел бұзғандары түрмеге қамалуы да мүмкін. Бұлар келе сала көші-қон полициясында тіркеуден өтсе, мұндай келеңсіздікке тап болмайтын еді дейді тәртіп сақшылары.

Ертас Бисенов, БҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы:

-Рұқсатнама алмай жұмыс істейді. Немесе рұқсатнаманы бір мекен-жайға алса, шаруа қожалықтарында немесе жеке кәсіпкерлерде жұмыс жасайды. Ал ол біздің заңда көзделмеген. Шаруа қожалықтарында, жеке кәсіпкерлерде жұмыс жасауға рұқсат жоқ.  

Loading...