Атырауда мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы орынбасары пара алу үстінде ұсталды Айымгүл Тіріжанова 2016 жылы 14 қыркүйекте Асқай әкімі болып сайланды. Алайда прокурорлық тексеру барысында, Тіріжанованың БҚО Бұрлы аудандық білім беру бөлімінің басшысы қызметін атқарып жүріп, жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. 2015 жылы 27 наурызда Тіріжанова ҚР ӘҚК 535-бабы бойынша айыпты деп танылып, 792 мың теңге айыппұл төлеу жазасына кесілген. Қазір Тіріжанова әкім қызметінен босатылды