Бөрілі АІІБ баспасөз қызметінде «Ақсайлогистик» ЖШС-ға тиесілі қоқыс тасығыш көлік контейнерден қоқыс тиегенін хабарлады.
«Осы уақытта контейнерге әйел келеді, жұмысшылардың ескерту жасағанына қарамастан, ол қоқыс салынған пакетін контейнерге лақтыруға тырысты. Осы сәтте ілгіш сынып кетіп, контейнер жоғарыдан әйелдің үстіне құлап кетті. Бірден жедел жәрдем шақыртылып, әйел ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Бөрілі АІІБ баспасөз қызметінен. - Оның аяғы мен қолы сынған. Қазір зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр.
«Еңбек» МИК төрағасы Нүрия Игизованың айтуынша, ол жазатайым оқиға орын алған үйдің кіреберістерінің бірін тазалап жүрген, зардап шегушінің үш баласы бар, әрі қазірде жүкті.
«КИК штатында емес, ол анасына жәрдемдескен», - деді ол.
Дәрігерлер зардап шегуші есін жиғанын хабарлады, алайда оның жағдайы ауыр деп бағалануда.
Аталмыш факті бойынша сот алды тергеу басталды.