БҚО-да құрастырылған жаңа қайық суға жіберілді

Еліміздегі су көлігін құрастыратын жалғыз зауыт 90-шы жылдардағы қиын кезеңде жабылудың аз-ақ алдында қалған еді. Бірақ қазір жұмыс жолға қойылып, даму үстінде. Бүгін суға жіберілген техниканың салмағы 26 тоннаны құрайды. Ол браконьерлер мен шекара бұзушылардың жолын кесуге таптырмас көмекші болып отыр. Ал бірнеше жылдан соң одан 20 есе үлкен кемелерді шығаруға шамамыз жетеді дейді құрастырушылар.

Сабыр Хасанов, ҚР ҰҚК Шекара қызметі бас штаб бастығының орынбасары:

Ол толқынды жақсы ұстайды, болашақта тек осындай катерлер салуға тиістіміз. Оған байланысты біздер әрқашан жаңа өзгеріске байланысты басқа корабльдар мен катерлер салуға 2015-2017 жылдарға жоспарымыз бар. 

Loading...