БҚО-да құтқарушылардың халықаралық семинары өтуде

Оған Қырғызстан, Әзірбайжан, Ресей және Қазақстан өкілдері қатысып, төтенше жағдайларды болдырмау және зардаптарын тез жою бағытында шеберліктерін жетілдіруде.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, шара мақсаты - ұйымдар басшыларын дайындау, түрлі апаттарға байланысты төтенше жағдайлардың алдын алудағы әдіс-тәсілдерді үйрену.

Бүгін апаттық-құтқару қызметтерінің өкілдері Қарашығанақтағы «ҚПО б.в.» компаниясының оқу полигонында машықтық сабаққа қатыспақ.

Семинар ертең қорытындыланады.