БҚО-да сегізінші сыныпта оқитын қыз өз-өзіне қол жұмсады

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Приуральный ауылында сегізінші сыныпта оқитын қыз өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Жасөспірімнің денесі үйінен табылған. Қызды әкесі ғана тәрбиелепті, ал анасы болмаған.


Қайғылы оқиға кезінде әкесі жұмыста болыпты. Қызды өлімге не итермелегені анықталып жатыр.