БҚО-да тікұшақ апатқа ұшырап, 2 адам қаза тапты

Марқұмдардың бірі осы өңірге танымал кәсіпкер, тікұшақтың иесі 61 жастағы Владимир Волков. Екіншісі оның көмекшісі, 62 жастағы Григорий Поляничко екен. Екеуі жексенбі күні аңшылық құруға шығып, содан хабарсыз кеткен. Бизнесменді бастапқыда туыстары өз күштерімен іздепті. Бірақ таппаған соң полицияға хабар берген. Әзірге апат себептері белгісіз. Қазір апат орны қоршауға алынып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 


Арман Мұхамбетқалиев, Орал қалалық көлік прокуроры:

- Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни, ұшу ережесін бұзу бойынша. Толық қорытынды тексеруден соң белгілі болмақ.