БҚО-да жарты млн теңге мүлікті жымқырған қызметкер соттан құтылып кетті


Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады. 

 БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бөрлі аудандық соты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша айыпталған А-ға қатысты іске нүкте қойды. Сотта анықталғанындай, айыпталушы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде ағаш ұстасы қызметін атқарған. Сонымен бірге қойма меңгерушісінің көмекшісі міндетін қосымша атқарып, 558 416 теңгенің тауар-материалдық құндылықтарын ұрлаған. Істі қарау барысында қос тарап медиация тәртібімен татуласу туралы келісімге келіп, соған сәйкес айыпталушы мүліктік залалды өтеді. ҚР ҚК 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес А. қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.