БҚО-да жарты тонна бекіре тұқымдас балық тиеген автокөлік қолға түсті


Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Оралға қарасты Серебряков кенті тұсында даладан Орал қаласының 1984 жылғы Т. деген тұрғыны айдаған, тиісті рұқсатсыз балық тиелген автокөлік қолға түскен.  Тәркіленген қара балықтың салмағы 1200 кг шамасында болып шықты. 

Сондай-ақ Оралға қарасты Зачаган мен Круглоозерный кенттерінің ортасында тағы да осындай көлік ұсталған. Одан 55 келідей бекіре тұқымдас және 1100 келідей қара балық шыққан.