БҚО-да жасөспірімдер арасында бокстан өңір чемпионаты мәреге жетті

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, біріншілікке Зеленов, Қазталов, Шыңғырлау аудандарынан, Зеленовтың Достық ауылынан, Ақсай қаласынан және спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты мен бокстан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен командалар қатысты. Жалпыкомандалық есепте бокс мектебінің шәкірттері бірінші орынды иеленді. Жекелеген салмақ дәрежелері бойынша Әлішер Бұланаев (32 кг), Жандыр Сұлтанғалиев (38 кг), Тимур Ермаш (42 кг), Айдар Жәутіков (50 кг), Нұрсұлтан Бақтығалиев (60 кг), Олжас Шакелов (63 кг) жеңімпаз атанды. Бұлардың бапкерлері - Нұрсұлтан Қонарбаев пен Рустам Сариев.

Шыңғырлаулықтар - екінші, қазталовтықтар үшінші орынды еншіледі.