БҚО-дағы ана мен сәбидің өлімі: Дәрігер жазадан сытылып кетті

Сот азаматтық қуынымды жартылай қанағаттандырды. Сотталушы марқұм Бибінұр Нығметованың отбасына моралдық өтемақы ретінде 6 млн теңге және материалдық шығын есебінде 920 мың теңге төлеуге міндеттелді. Жәбірленуші тарап соттан моралдық өтемақыны 150 млн теңге, ал материалдық өтемақыны 5 млн теңге деп сұраған еді.

Сот үкімі заңдық күшіне енген жоқ. Үкіммен келіспейтіндер 15 күн ішінде қайта шағымдана алады.

Қайғылы жағдай 2018 жылдың 24 сәуірінде болған. Жүктіліктің 29-аптасында Бибінұр Нығметовадан қан кетіп, ол ауруханаға жеткізілген. Көп ұзамай әйел операция үстелінде қайтыс болған.


Үш жылға созылған тергеу жұмыстарынан кейін іс сотқа жолданды. Прокурор сотталушыны үш жылға бас бостандығынан айырып, екі жыл медицина саласында қызмет етуіне тыйым салуды сұраған еді.