БҚО-дағы өрт 447 гектар аумақты шарпыды

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт сағат 18.15-те Темір Масин ауылдық округі ерікті жасағының 20 адамы және 3 техникасының күшімен сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 447 гектарды құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.