БҚО-ның Шыңғырлау ауданында жаңа спорттық нысан пайдалануға берілді

Осыған орай Шыңғырлау ауданы орталығында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі базасында жаңа жаттығу залы ашылды.

Нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі Айболат Сейтақовтың атап өткеніндей, бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 1,1 млн. теңге бөлініп, үлкенге-кішіге де қажетті жаттығу залы жаңа жыл қарсаңында іске қосылды. Жүгіру жолағы, велотрек, бұлшық етті шынықтыру тренажерлары орналасқан залға келгендер өздері қалаған жабдықты сынап көрді.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Талғат Ишекеновтің айтуынша, жаттығу залының жұмыс кестесіне сәйкес мұнда оқушылармен қатар ересектер де жаттыға алады.