Басқарма бастығы Ибадулла Қалыбековтың Астанада өткен баспасөз мәслихатында хабарлағанындай, үш аптада табиғат қаскөйлері мемлекетке 7,3 млн. теңгенің шығынын келтірді.
"Шара барысында олардан 180 заңсыз ауланған жан-жануарлар тәркіленді. Олардың арасында Қызыл кітапқа енгізілген екі ителгі мен жайран бар",- деді И.Қалыбеков.
"Жыл басынан бері ішкі істер органдары табиғат қорғау заңын бұзуға қатысты 3800 оқиғаның бетін ашты. 2 мың текше метрдей заңсыз кесілген ағаштар мен 75 тоннадан астам заңсыз ауланған балықтар тәркіленді",- деді И.Қалыбеков.
Экологиялық қылмыстар дерегі бойынша 188 қылмыстық іс қозалып, 2 млн. теңгенің 1,5 мың әкімшілік айыппұлын салу туралы қаулы шығарылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті