Браконьерлер 3 мыңға жуық киікті өлтірген: Президент тоқтау салуды тапсырды

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Браконьерлер табиғат байлығы - киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері 3 мыңға жуық (!) киікті өлтірген қылмыскерлерді құрықтады. Қаскөйлер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салуы керек", - деп жазды президент.