Браконьерлер торынан алынған бекірелер Каспий теңізіне жіберілді

Бұл туралы ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кезекшілікке шыққан «Сардар» шекара кемесінің командасы иесіз браконьерлік ауды анықтаған. Онда жалпы салмағы 150 кг жететін 71 бекіре балығы болған.

Олар балықтарды тордан босатып суға жіберді.