«Алғасабс ауылында тұратын 25 пен 23 жастағы азаматтардан заңсыз ауланған 600 келіден астам балық тәркіленді. Олардың ішінде 200 келі көксерке, 200 келі шортан мен 205 келі сазан балығы бар. Сонымен қатар, моторлы қайық пен мыңдаған метр ау тәркіленді», - деп хабарлайды ШҚО полициясының баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.