Браконьерлерден тәркіленген балық қайтадан су қоймаларына жіберілді - ШҚО


Заңды белшеден басқан азаматтар Зайсан көлінен 100 келіден астам балық аулаған. Олардан балықпен қоса ұзындығы 1500 метрден асатын ау тәркіленді, деп хабарлайды облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, рейд нәтижесінде браконьерлердің қолындағы 45 мың метр ау алынып, 4 мыңнан астам балық көлге қайта жіберілді. Сонымен қатар заңсыз ауланған 500 келіден астам балық тәркіленді.