Браконьерлікпен айналысқан балық инспекциясы қызметкерлері қолға түсті

Маңғыстау облысында браконьерлікпен айналысқан облыстық балық инспекциясы қызметкерлері құрықталды.


           «Жедел-іздестіру шаралары барысында облыстық балық инспекциясының қос қызметкері мен Әзірбайжан азаматының бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулағаны анықталды», - деп облыстық Қаржы полициясының баспасөз қызметі жетекшісі Нұргүл Мұқатай мәлім етті.
           Қаржы полициясының мәліметіне сүйенсек, олар балықты түнде Бұзашы балық инспекциясы бөліміне тиесілі қызмет көліктерімен тасыған.
           «Топ қылмыс үстінде әшкереленді. Ауылдағы үйлердің бірінен 150 келі бекіре балығы тәркіленді», - деді Н.Мұқатай.
           Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер тергеу изоляторына тоғытылды.