Бравада шағын футболдан студенттер арасында Әлем чемпионаты өтіп жатыр

18 тамызда басталған бұл дүбірлі додада олар омандықтарды 7:2 есебімен ұтып, испандықтарға 2:6, бразилиялықтарға 2:1 есебімен есе жіберді. 2010 жылғы ХІІ Әлем чемпионатының жеңімпазы бұған дейін омандықтарды 3:1 есебімен ұтып, испандықтармен 1:1 есебімен тең түскен болатын. Енді «В» тобында 1-2 орын алған Бразилия мен Испания құрамалары 1-8 орын үшін, ал 3-4 орынды бөліскен Қазақстан мен Оман 9-14 орын үшін таласуда. Онда қазақстандықтардың қарсыласы «Д» тобында 4-інші орын алған израильдіктер, ал бразилияялықтардың қарсыласы «Д» тобында екінші орын алған украиндықтар болып отыр. Ақтық кездесулер ертең өтеді.