Бразилия билігі аргентиналық 5 қызуқанды жанкүйердің ӘЧ-ға келуіне рұқсат бермеді


"Барра брава" аты берілген аргентиналық қызба мінезді жанкүйерлердің елге келуіне қарсы шаралар кең ауқымда жүргізіліп жатыр. Олардың бірі Сан-Паулу халықаралық әуежайында ұсталды, екеуі Рио-де-Жанейро стадиондарында қолға түсті, тағы екеуі Фос-де Игуасу ауданында ел шекарасынан өтпек болып тұрған жерінен кері қайтарылды.