Соңғы кездері Рио-де-Жанейрода ұрлық жиілеп кетті. Ұйымдастырушылар құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге $200 млн. жұмсауды жоспарлауда.
Қылмыстың жоғары деңгейіне қарамастан, 2007 жылы Панамерикалық ойындағыдай 2016-Ойындарына қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әскер тарту жоспарда жоқ. «Рио-де-Жанейрода қауіпсіздік едәуір жақсарды», - деген дерекөздің сөзін келтіреді Reuters.
Еске сала кетсек, 2016 Олимпиадалық ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді.