Бразилия құрама командасының футбол ойыншылары Конфедерация кубогы-2013 ақтық сынының жеңімпазы атанды

Бразилия құрама командасы Рио-де-Жанейрода өткен 2013 жылғы Конфедерация кубогының ақтық сынында Испания командасын жеңді.


           "Маракан" стадионындағы ойын 3:0 ұпаймен аяқталды.
           Бұл бразилиялықтар үшін Конфедерация кубогы тарихындағы төртінші жеңіс. Бұған дейін олар 1997, 2005 және 2009 жылдардағы турнирлерде жеңімпаз атанды.
           Конфедерация кубогын ФИФА 1997 жылы құрды.