Шеру елдің 18 қаласында және астанасында өтіп жатыр. Ең ірі наразылық шеруі Сан-Паулу қаласында өтуде. Онда көшеге жүз мыңдаған адам шықты.
Наразылық шеруге қатысушылар Бразилия Президентін елдегі ең ірі Petrobras компаниясында жақында дауға айналған сыбайлас жемқорлық ісіне қатысы бар деп айыптайды.