Бразилияда өтетін әлем чемпионаты билеттеріне сұраныс өте жоғары - ФИФА

 Бұл туралы дүйсенбі күні Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының /ФИФА/ бас хатшысы Жером Вальке Сан-Паулудағы "Арена-Коринтианс" стадионын аралау барысында мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда,  10 миллионнан астам адам билет сатып алуға ниет білдірген.

Сондай-ақ Вальке Сан-Паулу қаласына көп көңіл бөлінетіндігін атап өтті.

«Өзге 11 қалаға қарағанда Сан-Паулуға түсетін жүктің салмағы ауыр. Өйткені алғашқы ойындар "Арене- Коринтианс" стадионында өтеді. Жанкүйерлердің Бразилиядағы турнирден алған алғашқы әсерлері осы қаламен байланысты болады», - деді Вальке.