Бразилияда жолаушылар автобусы пойызға соғылды


Ішінде 22 жолаушысы бар қоғамдық көлік теміржол үстіне  үш метрлік биіктіктен құлаған. Абырой болғанда машинист пойыздың тежегішін дер кезінде басып үлгеріпті. «Егер ол тоқтамағанда, автобустағы жолаушылардың барлығы қаза табар еді» - дейді мамандар. Автобуста болған 15 адам ауыр жараланған. Ал қоғамдық көліктің апатқа ұшырауына не себеп болғаны анықталуда. Жолаушылардың айтуынша, автобус жүргізушісі жылдамдықты асырған.