Жергілікті уақыт бойынша түскі сағат 13:00-де (20:00 мск) Натал қаласындағы стадионда А тобында Бразилия және Хорватия құрамаларымен бірге өнер көрсететін Мексика мен Камерун командалары өзара бақ сынасады. Ойынға колумбиялық Вилмар Ролдан төрешілік етпек.
Бұл кездесуден кейін В тобындағы командалар сайысқа түседі.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де (23:00 мск) Сальвадор қаласында 2010 жылғы әлем чемпионатының финалистері Испания мен Голландия құрамалары кездеседі. Матч арбитрі – итальяндық төреші Никола Риццоли.
Сағат 18:00-да (мск уақыты бойынша сенбі күні 02:00) Куяба қаласында Чили – Австралия құрамалары сайысқа түседі. Оған Кот д'Ивуарлық судья Нумандиез Дуэ төрелік етеді.