Шағын футболдан енді біздің жігіттерді бразилиялық бапкер Жоао Карлос Барбоза баптайды. Бұл маман қазір Алматының «Қайрат» командасын жаттықтырады. Барбоза «Қайрат» пен ұлттық құраманы бірдей баптай береді. Ал «Қайрат» - ұлттық құраманың базалық командасы болады.