Бред Питтің қайтыс болғаны туралы хабар тарады


Бұл хабар бастапқыда американдық Fox News арнасынан келген болып ашылады. Бірақ, сілтемені ашқан кезде пайдаланушының компьютеріне немесе смартфонына зиянды вирус жүктеле кетеді екен.

Сондай-ақ хакерлер сол адамның Facebook парақшасына кіріп, зиянды сілтеме одан әрі тарала түседі. Бұл туралы фейсбук жұртты ескертіп те қойды.  Ал актердің өзі болса аман-сау жүріп-тұрып жатыр, тек хакерлер оның Джолимен ажырасуы туралы жаңалықты өз пайдасына асыруды көздеген.