Брэд Питт аса құпия тыңшының ролін сомдайды

Канар аралдарында түсіріліп жатқан Allied шытырман оқиғалы фильмінде басты рольді Голливуд жұлдызы Брэд Питт сомдайды. Режиссер Роберт Земекистің Allied атты кинотуындысында Брэд Питт актриса Марион Котийярмен бірге ерлі-зайыптыларды ойнайды  (бұл фильм біздің прокатқа «Пять секунд тишины» деген атаумен шығуы мүмкін). Фильмдегі оқиға желісі 1942 жылы солтүстік Африка жерінде өтеді. Мұнда британдық барлаудың тыңшысы Макс Ватан/Max Vatan француз Қарсылық көрсету қозғалысының қатысушысы Мариан Босежурмен/Marianne Beausejour танысып, көңіл жарастырған соң отбасын құрады. Бірақ, артынша ерлі-зайыптылардың бірі нацистердің тыңшысы болуы мүмкін деген күдік пайда болады. Жалпы Африка құрлығына жақын орналасқан испан жері Марокконың «ролін атқаратын» болады. Лас-Пальмас-де-Гран-Канария шаһары болса, Мароккодағы Касабланка қаласына қатты ұқсайды екен. Ал фильмді түсіруші топ қаланың кейпін өткен ғасырдың 40-жылдардағы кейпіне келтіру үшін зор жұмыс атқаратын болады, деп хабарлайды espanarusa.com. «Пять секунд тишины» фильмінің дүниежүзілік премьерасы қараша айында көрсетіледі.