Ал WTI маркалы қара алтын арзандап жатыр, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Бүгін таңертең Лондонның бирже ICE Futures қор биржасында Brent мұнайының наурыз айына арналған фьючерстерінің бағасы 0,08 долларға (0,16%) төмендеп, бір баррелі 48,76 долларға сатылды. Дүйсенбі күні кешқұрым фьючерс құны 1,33 долларға (2,65%) төмендеген-ді.
Нью-йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың ақпанға арналған фьючерстері 1,18 долларға (2,42%) арзандап, бір баррелі 47,51 долларға сатылды.
WTI мұнайының арзандауына Қытай нарығында энергия көздеріне деген сұраныс жойылуы мүмкін деген болжамдар ықпал етті.