Brent мұнайы баррелінің бағасы 59 доллардан төмен түсті

Сейсенбі күні Лондон биржасында өткен сауданың барысында Brent мұнайының сәуір айындағы фьючерстерінің бағасы бір баррель үшін 58,71 долларға дейін түскен. Төмендеу 0,32 пайызды құрады.

WTI маркалы мұнайдың бағасы 0,63 пайызға төмендеп, баррелі 49,14 долларды құрады.