Brent мұнайына баға 66 доллардан төмендеді


Мәскеу уақыты бойынша сағат 11:32-дегі жағдай бойынша ол барреліне 65,88 доллар болған, деп хабарлады РБК.

  Бірнеше минуттан кейін  Brent мұнайының бағасы аздап 65,94 долларға көтерілді  (Мәскеу уақыты бойынша 11:36).

Еске сала кетсек, екі күн бұрын сауда-саттық барысында баррель құны 65,94 долларға дейін төмендеген болатын. Тұтастай,  2014 жылғы маусымнан бастап баға 30 пайыздан астамға құлдилады. Ал  2014 жылғы қыркүйекте Brent мұнайының баррелі 100 доллардан асқан еді.