Британдық әйел Wi-Fi-ға аллергия болғандықтан үйінен шықпайды

«Жұрт мені есінен адасты деп ойлайды.  Бірақ, маған қаншалықты ауыр соғатынын білмейді», – дейді Ким Де Атта.

Ол осы дертпен 16 жасынан бастап ауыра бастапты. Ол Лондонда тұрғанда теледидарға жақындаған сайын өзін нашар сезінетін болған.


Ол әлемде аталған дертпен ауыратын жалғыз адам емес. 2015 жылы америкалық оқушының ғаламтор байланысына шыдай алмай өзіне қол салғаны хабарланған еді.